» » Қазақстан Сирияға көмек көрсетті

Қазақстан Сирияға көмек көрсетті

Қазақстан Сирияға көмек көрсетті Сириядағы жағдай қазіргі таңда бүкіл әлемді алаңдатып отыр. 23 қаңтарда Астана Сирияға байланысты мәселелер талқыланбақ. Саясаттанушылардың айтуынша бұл келіссөзге ықпалды мемлекеттердің барлығы дерлік қатысуы тиіс. Қазақстан өз кезегінде Сириядағы бейбіт тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетті, - деп хабарлайды alashinform.kz 
Сириялық билікке жүкті Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Азамат Бердібай тапсырды. Кейбір араб ақпарат көздеріне қарағанда, Сириядағы қантөгіс соғыс 400 мыңнан астам бейбіт тұрғынның өмірін қиды. Гуманитарлық жүкті жеткізуге РФ Қорғаныс министрлігі көмектескен көрінеді.   Тартус портына кеше жеткен кемеден жүкті түсіру жұмыстары бүгін басталды. Қазақстаннан жеткізілген контейнерлерде ұн, ет өнімдері, макарон және басқа азық-түлік тауарлары тиелген.   «Халықаралық қоғамдастық тарапынан жасалып отырған қолдауға қарамастан, гуманитарлық ахуал әлі де түзелген жоқ. Осыған байланысты ҚР Президенті Н. Назарбаев Сирияға азық-түлік тауарлары түрінде гуманитарлық көмекті жөнелту шешімін қабылдады. 33 контейнерге тиелген 500 тонна көлемдегі гуманитарлық жүк 6 жылдық соғыстың зардабын тартып жүрген  сириялық халыққа арналған. Онда азық-түлікпен қатар, дәрі-дәрмек те бар. Қазақстан тарапы Сирияда диалог пен бітімге келу жолымен қантөгісті тоқтатып, саяси тұрақтылықты айқындауға бағытталған іс-қимылдарды қолдайды», - деді Елші А. Бердібай сириялық делегациямен кездесу барысында.   Қазақстан Сирияға көмек көрсетті
Өз кезегінде портта жүкті қабылдау кезінде Тартус провинциясы кеңесінің төрағасы Ясир Дийб Қазақстан халқы мен ҚР Президентіне алғысын жеткізді. «Елдеріңіз біздің нәубетті жағдайымызға бей-жай қарамай, тиісті көмекті жасауда. Бүгінгі гуманитарлық жүкке үлкен алғысымызды айтамыз», - деді ол. Я.Дийбтің атап өтуінше, жүк кемеден түсірілгеннен кейін азық-түлік Тартустың маңындағы босқындарға жеткізілмек. Бұрындары Тартуста 128 мың тұрғын болған екен, қазіргі кезде шатырдан құралған лагерлерде 500 мың адам жиналған. Ал екінші эшелон зардап шеккен, яғни жарақат алған тұрғындарға тапсырылады.     «Сонымен қатар қарулы топтардың және лаңкестік ұйымдардың қоршауында қалған елді мекендердегі бейбіт тұрғындарға да жеткіземіз, алайда бұл жерлерге жүк тасымалдау қиындау. Атап айтқанда ДАИШ лаңкестерінің бақылауында тұрған Эр-Раккаға бару кезінде кедергілерге тап боламыз. Мұнымен қоса, ДАИШ пен үкіметтік әскердің қақтығыс аймағындағы Дэйр аз-Зорға және басқа да елді мекендерге азық-түлік жеткізуде қиналамыз. Осы бағытта біз халықаралық ұйымдармен ынтымақтасып қажетті шараларды атқарудамыз. Жалпы, «гуманитарлық карта» бойынша қай өңірге қанша жүк жеткізілгенін, сондай-ақ қандай көлемде тасымалдау керектігін біліп отырамыз», - деді Тартус провинциясы кеңесінің төрағасы. Сириялық Тартус портында гуманитарлық жүкті түсіру мен оның күзетіне жауапты РФ Қорғаныс министрлігі бөлімшесінің өкілі «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында гуманитарлық жүктерді жеткізудің мән-жайын айтып берді. «Алеппоға біз жүкті жеткізу кезінде бірге барамыз, себебі ол жақтан автомашиналар келмейді. Қажет болған жағдайда көліктердің күзетін қамтамасыз етеміз. Алеппоға баратын жол әлі де қауіпті. Бейбіт тұрғындарға жүкті жеткізу мен тапсыру шараларын жергілікті Жалпы барлау қызметімен үйлескен тәртіпте іске асырамыз. Мәселен, ДАИШ лаңкестері өздерінің «астанасы» деп атаған Эр-Раккаға гуманитарлық жүкті жеткізу қажет. Тікелей қалаға кіру мүмкін емес. Онда барлық көшелерді лаңкестер бақылауға алған. Бұндай жағдайда біз азық-түлікті үкіметтік әскер қадағалап жүрген қала маңындағы аймақтарға жеткіземіз. Ол жерден бейбіт тұрғындар өздері гуманитарлық көмекті алып кетеді. Біз ТМД-дан достарымызды көргенімізге өте қуаныштымыз», - деді өз есімін материалда атамауға өтінген РФ ҚК офицері. 
Дереккөз: Руслан Ғаббасов, 
Қазақ ақпарат агенттігі 

Категория: Сыртқы саясат
Просмотров: 1021
Похожие новости:
Ресей елшісінің өліміне байланысты АҚШ Түркияға көмек ұсынды

Ресей елшісінің өліміне байланысты АҚШ Түркияға көмек ұсынды

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглуға ресейлік елші Андрей Карловтың өлімін тергеу жұмыстарында АҚШ-тың көмегін ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz шетелдік басылымдарға сілтеме жасап. Ескерту! Baq.kz сайтында...
Түркия Президенті: Елшіге жасалған қастандық - Түркия-Ресей қарым-қатынасына сызат түсіруге бағытталған арандатушылық

Түркия Президенті: Елшіге жасалған қастандық - Түркия-Ресей қарым-қатынасына сызат түсіруге бағытталған арандатушылық

Ресей Федерациясының Түркиядағы елшісі Андрей Карловқа жасалған қастандық – Түркия-Ресей арасындағы қарым-қатынасқа сызат түсіруге бағытталған қасақана арандату. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы...
Қазақстан Президенті жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасына барды

Қазақстан Президенті жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасына барды

Нұрсұлтан Назарбаев G-20 Саммитіне қатысу үшін Ханчжоу қаласына барды - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі....
Қазақстан, Ресей және Беларусь Халықаралық ауыр атлетика федерациясының үстінен шағым түсірді

Қазақстан, Ресей және Беларусь Халықаралық ауыр атлетика федерациясының үстінен шағым түсірді

Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің Ауыр атлетика федерациясының өкілдері Спорттық арбитраждық сотқа Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) жарыстардан шеттету туралы шешіміне шағым түсірді. Бұл туралы Ресейлік ауыр атлетика...
Мамандар ақылды сәбиді дүниеге әкелу үшін ананың жасы нешеде болу керектігін айтты

Мамандар ақылды сәбиді дүниеге әкелу үшін ананың жасы нешеде болу керектігін айтты

Мамандар ақылды сәбиді дүниеге әкелу үшін ананың жасы нешеде болу керектігін айтты...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі