» » Түркия Президенті: Елшіге жасалған қастандық - Түркия-Ресей қарым-қатынасына сызат түсіруге бағытталған арандатушылық

Түркия Президенті: Елшіге жасалған қастандық - Түркия-Ресей қарым-қатынасына сызат түсіруге бағытталған арандатушылық

Түркия Президенті: Елшіге жасалған қастандық - Түркия-Ресей қарым-қатынасына сызат түсіруге бағытталған арандатушылықРесей Федерациясының Түркиядағы елшісі Андрей Карловқа жасалған қастандық – Түркия-Ресей арасындағы қарым-қатынасқа сызат түсіруге бағытталған қасақана арандату. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Ресми Мәскеу де бұл террорлық акт қос елдің өзара байланысы мен Сириядағы жағдайды реттеуге кедергі келтіру үшін жоспарланғанын алға тартты. Андрей Карлов 2013 жылдан бері Ресей Федерациясының Түркия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып еңбек етті. Ол екі елдің арасындағы «ұшақ дағдарысын» реттеуге, ал соңғы жылдары Сириядағы жағдайдың тұрақталуына аямай тер төккен. Кеше түнде Анкарадағы Заманауи өнер галереясында тәжірибелі дипломатқа қастандық жасалды. Алған ауыр жарақатынан ол ауруханада көз жұмды. Суық қарудан оқ атқан азамат осы әрекеті арқылы Ресейдің Сириядағы саясатына нарызылығын білдірген. Ол оқиға орнында полициямен болған қақтығыста қаза тапты. Түркияның құзырлы органдары оның жеке басын анықтады. Түркия Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлудың хабарлауынша, қастандық жасаған адам – 1994 жылы туған Айдын провинциясының тумасы Мевлют Мерт Алтынташ. Ол 2,5 жылдан бері Анкарада полиция болып қызмет етеді. Өнер галереясына осы қызметтік куәлігі арқылы кіргені анықталды. Режеп Тайып Ердоған, Түркия Республикасының Президенті: - Ресей Федерациясының елшісіне ұйымдастырылған қанды шабуыл Түркияға және түрік халқына да қарсы жасалған аяусыз шабуыл деп қабылдаймыз. Оқиғадан соң Путин мырзамен телефон арқылы сөйлестім. Бұл шабуыл арандатушылық әрекет екендігі жайлы екеуміздің пікіріміз бір жерден шықты. Халқымның атынан бүкіл ресейліктерге көңіл айтып, ауыр қайғыларына ортақтасатынымды жеткіземін. Ресей елшісіне жасалған қастандықты әлем елдері оның ішінде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі де қатаң айыптап, лаңкестік шараны ұйымдастырушылар тиісті жазасын алатынына сенім білдірді. Ал Түркия мен Ресей басшылары бұл террорлық оқиға бойынша тергеу амалдарын бірлесіп жүргізуге келісті. Нәтижесінде екі елдің тергеушілерінен тұратын арнайы комиссия құрылатын болды. Сергей Лавров, РФ Сыртқы істер министрі: - Біз бұл жабайы әрекетті ұйымдастырушылардың басты мақсаты Ресей мен Түркия арасында жағдайдың қалыпқа келу үрдісіне сызат түсіріп, Сириядағы терроризммен тиімді күрес жүргізуге тосқауыл қою екендігін жақсы білеміз. Біз бұрынырақ жоспарланған Ресей, Түркия және Иран Сыртқы істер министрлерінің кездесуін өткіземіз. Мен жаңа ғана түрік әріптесім Мевлют Чавушоглымен телефонмен сөйлестім. Алдағы кездесуде бұл қылмысты ұйымдастырушылардың түпкі жоспарын жоққа шығаратын маңызды шешімдер қабылдаймыз деп ойлаймын. Соңғы тоқсанда Түркия мен Ресей арасында қарым-қатынас жақсарып, стратегиялық маңызды мәселелер бойынша екіжақты қайшылықтары айтарлықтай азайған. Мысалы, қазіргі таңда екі мемлекет те Таяу Шығыс аймағында тұрақтылық пен бейбітшілікті орнатуға мүдделі екендіктерін жеткізіп, бұл бағытта күш біріктіруге уағдаласып отыр. Ал түрік сарапшылары «Анкарадағы қастандық – жоғары дәрежеге көтерілген Түркия-Ресей байланыстарының алдағы уақытта күрт нығаюынан сақтанған кейбір топтардың арандатушылық әрекеті» дейді. Ол қандай топтар? Ұйымдар ма, әлде мемлекеттер ме? Әрине, ол жағы ашық айтылған жоқ. Айтпақшы, түрік полициясы қарулы шабуыл жасаған азаматтың үйіне тінту жасап, анасы мен қарындасын қамауға алды.
Просмотров: 2432
Похожие новости:
БАҚ Ислам Каримовтың қашан және қайда жерленетінін хабарлады

БАҚ Ислам Каримовтың қашан және қайда жерленетінін хабарлады

Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың туған жері Самарқан мемлекет басшысын жерлеу рәсіміне дайындалып жатыр. Бұл туралы 1 қыркүйек күні кешке "Фергана", "Озодлик радиосы", және "Өзбекстанның халық қозғалысы" сайтында хабарланды деп...
АҚШ-та Ресей президентінің аттасы тұтқындалды

АҚШ-та Ресей президентінің аттасы тұтқындалды

Флориданың оңтүстігіндегі Уэст-Палм-Бич қаласында Publix шағын маркетінің қызметкерлеріне дауыс көтеріп, дүкеннен шығудан бас тартқан Владимир Путин тұтқындалды. Бұзақыға әлі жетпеген дүкен иесі полиция шақырды, деп жазады BBC. Барлы? ???ы?ы...
Қазақстан, Ресей және Беларусь Халықаралық ауыр атлетика федерациясының үстінен шағым түсірді

Қазақстан, Ресей және Беларусь Халықаралық ауыр атлетика федерациясының үстінен шағым түсірді

Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің Ауыр атлетика федерациясының өкілдері Спорттық арбитраждық сотқа Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) жарыстардан шеттету туралы шешіміне шағым түсірді. Бұл туралы Ресейлік ауыр атлетика...
Мамандар ақылды сәбиді дүниеге әкелу үшін ананың жасы нешеде болу керектігін айтты

Мамандар ақылды сәбиді дүниеге әкелу үшін ананың жасы нешеде болу керектігін айтты

Мамандар ақылды сәбиді дүниеге әкелу үшін ананың жасы нешеде болу керектігін айтты...
Қазақстанның Тұңғыш Президенті туралы фильм Ливан көрермендерінің назарына ұсынылды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті туралы фильм Ливан көрермендерінің назарына ұсынылды

Үстіміздегі жылдың 19 ақпанда Қазақстан Республикасының Ливандағы Сенімді өкілі Дәулет Ембердиев жергілікті «ТелеЛибан» мемлекеттік телеарнасының тікелей эфирінде сұхбат берді...
Комментариев: 0
Добавить комментарий
  • Жаңалықтар тізбесі